Сүйінші, ағайын! Денис Теннің ізбасары Олимпиаданың чемпионы атанды

14.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, жекелей сында өнер көрсеткен Михаил Шайдоров Италиядағы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сенбіге қараған түні ерлер арасындағы еркін бағдарламалар сайысы өтті. Қысқа бағдарламадан кейін Шайдоров бесінші орында тұрғандықтан, ол ең мықты спортшылар өнер көрсететін соңғы топта мұз айдынына шықты.

Бағдарлама барысында қазақстандық спортшы өзінің негізгі элементін – үштік аксель мен ойлер арқылы жалғанған төрттік сальхов каскадын сәтті орындады. Сонымен қатар ол тағы бес ультра-си деңгейіндегі (жоғары күрделіліктегі) элемент көрсетті: белгімен орындалған төрттік лутц, төрттік флип, екі төрттік тулуп (оның бірі үштік тулуппен каскадта) және үштік аксель.

Еркін бағдарлама үшін Шайдоров 198,64 ұпай жинады. Ал екі бағдарлама қорытындысы бойынша оның жалпы нәтижесі 291,58 ұпайды құрады. Бұл – спортшының жеке рекорды.

Қорытынды кестеде 21 жастағы Михаил Шайдоров бірінші орынға көтеріліп, Қазақстан құрамасына 2018 жылдан бергі алғашқы қысқы Олимпиада медалін сыйлады. Ол – ел тарихындағы екінші Олимпиада чемпионы. Бұған дейін 1994 жылғы ойындарда шаңғышы Владимир Смирнов алтын жүлде жеңіп алған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью