Сүйінші, ағайын! Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа көлік сыйламақ (ВИДЕО)

14.02.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа ерекше сый жасамақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлемдік деңгейдегі өнер иесі жас спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

"Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион етіп ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлады. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Өз өнеріңді менің әніммен орындап, мені де марқайттың. Елге жетіп алайық, темір тұлпарды табыстаймын", – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихындағы екінші Олимпиада чемпионы атанды. Бұған дейін ел қоржынына алғашқы алтынды 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирнов салған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью