Сүйінші, ағайын! Медеу Арынбаев қуанышты хабарын мәлім етті (ФОТО)

26.10.2025

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Танымал әнші Медеу Арынбаев әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Парасат" орденіне ие болғанын жазды.

"ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен "Парасат" орденімен Ақордадан арнайы президент қолынан марапатталдым! Елге жасап жатырған еңбегіміздің бағаланғаны деп есептеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын! Республика күні құтты болсын!" – деп жазды Медеу Арынбаев.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью