Сүйінші, ағайын : Нартай Аралбайұлы асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді

24.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мәжіліс депутаты әрі Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның хабарлауынша, республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы ресми түрде аккредитациядан өткен.

"Сүйінші, мергендер! Федерация аккредитация алды. Бұл – үлкен саяси маңызы бар шешім. Дәстүрлі садақ ату енді футбол, волейбол секілді жеке федерация ретінде дербес даму жолына түсті", – деп жазды ол.

2026 жылғы 23 ақпанда Нартай Аралбайұлының басшылығымен федерация жеке аккредитацияға ие болған. Бұл шешімнен кейін ұйым тәуелсіз түрде қызмет атқарып, мемлекеттік қолдауға тікелей қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Енді федерация жеке қызметкерлерді бекітіп, спортшыларға стипендия тағайындап, мемлекеттен тікелей қолдау ала алады. Бұл дәстүрлі садақ ату спортының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.

Айта кетейік, 2019 жылдың 22 шілдесінде алғашқы республикалық федерация құрылған болатын. Алайда сол кезеңде дамытуға арналған ресми рұқсат – аккредитация Ұлттық спорт қауымдастығына тиесілі болған.

Нартай Аралбайұлы бұл жетістік ортақ еңбектің нәтижесі екенін атап өтіп, барша мергендерді және спорт жанашырларын құттықтады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью