Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстан халқының саны 2025 жылдың 1 қазанына қарай 20 445 231 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде:
табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, көші-қон есебінен – 10 200 адам.Бюроның дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 миллионнан асқан. Олар:
Алматы қаласы – 2 337 023 адам Түркістан облысы – 2 148 207 адам Астана қаласы – 1 612 512 адам Алматы облысы – 1 586 875 адам Шымкент қаласы – 1 286 087 адам Жамбыл облысы – 1 216 849 адам Қарағанды облысы – 1 131 818 адам