Сүлейменов доллар бағамына болжам жасады

23.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі кезде Қазақстан нарығында доллардың көлемі артты. Себебі мұнайдың бағасы көтерілді. Ал оны экспортқа шығаратындар долларды көбірек әкеліп, ішкі нарықта сата бастады. Сыртқа сатылатын кейбір металдардың бағасы да өсті. Соның арқасында Қазақстанның экспорттық табысы айтарлықтай өсті.

"Демек, ел нарығына доллар көп келіп жатыр. Ал тауар көп болса, бағасы да төмендейді. Доллар да солай. Сосын шетелден валюталық заемдар да алынды. Бәйтерек холдингі, Самұрық, банктер бар. Олар қарызды доллармен алады, ал жобаларды теңгемен қаржыландырады. Теңгені алу үшін валютаны сатады. Осылайша, долларға ұсыныс өсіп, бағасы төмендейді", - деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, жылдың соңына қарай долларға сұраныс көтеріледі. Алайда бағамы қатты өспеуі керек.

"Доллар қатты қымбаттап кетпейді. Өйткені ішкі және сыртқы факторлар бізге оң әсер етуде. Жылдың соңына дейін доллардың қатты әлсіреуін де, күшейіп кетуін де күтіп отырған жоқпыз", - деді Сүлейменов.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью