Сүлейменов зейнетақы жинағын қалай екі есе көбейтуге болатынын айтты

01.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жинағын қалай екі есе көбейтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде зейнетақы жинағының бір бөлігін жекеменшік компанияларға сенімгерлік басқаруға беруге болады. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ондай компаниялар зейнетақы қорын басқаратын ұлттық банктен артық табыс табады. Себебі триллиондармен салыстырғанда миллиардтарды басқарған жеңіл. Ол жағынан жекеменшік компаниялар жылдам әрекет етеді.

"Мысалы, біреуі сізге 12 процент немесе 20 процент табыс әкелді дейік. Соны зейнет жасына дейінгі жылдардың санына көбейтіп көріңіз. Сонда мүлде басқа сома шығады. 2-2,5 есеге жоғары болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс бақылау болған жағдайда зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру – бұл жақсы нәрсе", - деді Сүлейменов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда банк басшысы маңызды бір мәселені ерекше атап өтті. Бүгінде мемлекет зейнетақы қорындағы жинақтың инфляциядан төмен болмауына кепілдік береді. Ал жекеменшік компанияларда ондай кепілдік жоқ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью