Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектепке хиджаб киіп келуге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде министрлік мектеп формасына қатысты нақты талап қойып отыр. Сүлейменованың айтуынша, сабаққа көк немесе қара формамен келуге болады. Бұған дейін кейбір жеке меншік мектептерде хиджабпен отыруға да рұқсат берген.
"Бізде бірыңғай форма бар. Иә, ондай жағдайлар бар. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бар. Бізде үлкен комиссия да жұмыс істейді. Иә, былтыр ондай мектептер, соның ішінде жеке меншік мектептер болған. Биыл жаңа оқу жылында жоқ", - деді Сүлейменова үкіметтегі брифингте.
Осы орайда министр хиджаб киіп келу жағдайлары тіркелсе, мектеп лицензиясын қайтарып алу сияқты шара қолданылатынын ескертті.