Сұлтан мен Ақбаян ажырасып кеткен : Атыраудағы трагедияға қатысты күдіктінің анасы пікір білдірді (ВИДЕО)

16.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының ісі қоғам назарынан түскен жоқ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл жағдайға байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, авторлық бағдарламасы аясында Атырауға барып, оқиғаның анық-қанығын білуге тырысқан. Тілші марқұмдардың туыстарымен кездесіп, олардың нұсқаларын жария етті.

Бағдарлама барысында күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр сөз сөйлеп, ұлы Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева арасындағы қарым-қатынасқа қатысты мәліметтерді бөлісті.

Оның айтуынша, Сұлтан мен Ақбаян ресми түрде ажырасқан.

"Сұлтан мен Ақбаян ажырасып кеткен. Ақбаянның анасы айырған. Сұлтан келіп: "Мама, бізді айырып жатыр, мені сотқа беріп жатыр", – деді. Оларға алимент керек боп тұрған ғой... Олар 10 жыл бірге тұрды. 2022 жылы қыркүйектің 22-сі күні ажырасқан. Ажырасуға келін анасы арқылы ұсыныс жасаған. "Алимент керек болды... Ақша керек", – деді Сұлтан. Балам қарсы болды. Сосын мен балама: "Шыда, балалардың тағдыры тұр ғой", – дедім", – деді Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью