Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Сотта айыптау актісі оқылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz меншікті тілшісі. Белгілі болғандай, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиевтің арасында отбасылық кикілжіңдер болған.
Прокуратураның мәліметінше, Ақбаян балаларымен және күйеуімен бірге ата-енесінен бөлек тұрғысы келетінін айтқан. Оған Сәрсемәлиев қарсы болып, кикілжің соңы заңды некенің бұзылуына әкелген. Кейін неке бұзылғанына қарамастан, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиев бірге тұруын жалғастырған. Өмірге бесінші сәби келгеннен кейін Ақбаянның денсаулығы нашарлап, психикалық ауытқу пайда болған. Жағдайға қайын атасы мен қайын енесі араласқан кезде, Сәрсемәлиевтің ата-енесіне өшпенділігі күшейген. Бұл кезде бала-шаға күдікті Сәрсемәлиевтің ата-анасының қолында болған.
Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаянды бірнеше рет емдеткен, Түркияға да апарған. Алайда медициналық емдеу нәтиже бермеген.
Осы уақыттарда күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің қайын жұртымен арада келіспеушілік күшейген.
Белгілі болғандай, Сұлтан қайын ағасы Наурызды 2025 жылы өзінің жалдамалы үйінде асүй пышағымен шабуылдау арқылы өлтірген. Марқұм Наурыз Мұқанғалиев жалдамалы үйде көз жұмған. Қылмыс ізін жасыру мақсатында, Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыздың денесін өзінің үйінің ауласына көмген.
Баян Жанұзақова, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.