Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Ашық дереккөз
Сот барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев өз кінәсін ішінара мойындағанын мәлімдеді. Ол Наурыз Мұқанғалиевтің қазасына қатысты кісі өлтіру айыбымен келіспейтінін айтып, бұл оқиға абайсызда болғанын және өзін қорғау мақсатында әрекет еткенін алға тартты.
Сондай-ақ, Сәрсемалиев Мақсот Қарабалинге 9 рет, оның әйелі Нәсіп Өтешкалиеваға 8 рет, ал Мейрамгүл Қарабалинге 32 рет пышақ жарақатын салғанын мойындады.
Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында осындай әрекеттерге барған.
Сәрсемалиев ісі: Прокурор қылмыстың қалай жасалғанын айтып берді
Осылайша, айыпталушыға тағылған 13 айыптың ішінде тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизод бойынша ғана қасақана кісі өлтіруді жоққа шығарған.
Еске салайық, Жангелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі Атырау облысында үлкен қоғамдық резонанс тудырған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы жұбайының туыстары болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін күдікті өлім жазасына да дайын екендігін мәлімдеген болатын.