Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласына қатысты сот шешімі жарияланды

16.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Ақ Жайық

Судья Зарема Хамидуллинаның айтуынша, сот балалардың алдағы қамқорлығы мен оларды орналастыру мәселесін Атырау облысының Білім басқармасына жүктеді.

«Сонымен қатар Қызылқоға ауданы әкімдігіне Жангелдин ауылында қаза тапқандардан қалған тұрғын үйге мұрагерлік құқықты рәсімдеу тапсырылды. Бұл балалардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін қажет», деді Зарема Хамидуллина.

Айта кетейік, Сұлтан Сәрсемалиевтің бес баласы бар. Оның кенжесі 2025 жылы дүниеге келген.

Атыраудағы қылмыс: Сәрсемәлиев неге Индонезияға қашқанын айтты

2026 жылғы 3 ақпанда аудандық кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия балаларды мемлекеттік қамқорлыққа беру туралы шешім қабылдаған. Оған дейін балаларды сотталушының анасы тәрбиелеп келген.

Кейін үш үлкен баласы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, бір және үш жастағы екі бала мамандандырылған балалар үйіне жіберілген.

Еске сала кетейік, бір отбасының өліміне себепкер болған қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында болған. Сол кезде отбасының төрт мүшесі – ата-анасы, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен. Айыптау тарапының мәліметінше, күдікті өзіне күмән туғызбау үшін туыстары емделуге кетіп қалған деген ақпарат таратқан.

Ақпан айының соңында Сәрсемәлиев жұбайымен бірге Индонезиядағы Бали аралында ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды.

Қайта жүргізілген тергеу барысында ол кінәсін мойындап, әйелінің екі бауырының мәйіттері жасырылған орынды көрсеткен.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәрсемәлиевті кісі өлімінен бөлек алаяқтық, ұрлық, мал ұрлығы, құжаттарды заңсыз иемдену және жасыру баптары бойынша да кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью