Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әлем кубогының жеңімпазы Сұлтанбек Айбарұлы 1/2 финалда Германия боксшысы Валериж Валтермен жұдырықтасты.
Қарсылас алғашқы раундтан шабуылға ұмтылып, басымдықты қолға алуға тырысты. Ал Сұлтанбек өз кезегінде аяқпен шебер қимылдап, Валериждің алдын орап кетті. Қорытынды есеп: 5:0. Сұлтанбек енді алтынға таласады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Виктория Графеева (60 келі) польшалық Анета Элзивета Рыгельсканы жеңсе, Жібек Жарасқызы (80 келі) сол елдің тағы бір өкілі Эмилия Котерскаға есе жіберді.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Енді ел құрамасынан кешкі сессияда Аида Әбікеева (65 келі) бельгиялық Ошин Дирию, Алуа Балқыбекова (51 келі) қытайлық Ксиню Ки, Диас Молжігітов (80 келі) бразилиялық Уондерлей Перейрамен шаршы алаңға шығады.