Сұлулық пен рухтың үндесуі: Павлодарда салт дәстүрді насихаттайтын көрме өтті

25.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Наурыз бояулары» атты көрмеде көпшілік ұлттық эстетика туындыларымен танысты.

Фото: Айгүл Төлегенова

Бұл көрме - жай ғана суреттер жиынтығы емес, бұл қазақ көшпелі өркениетіндегі әйел бейнесін зерттеуге арналған көркемдік жоба. Автордың объективіне ілінген дүниелерден ұлттық киімнің, шексіз даланың және ата-бабалар рухының біртұтас эстетикалық кодқа айналғанын байқауға болады. Әрбір портретті көрнекі жырға айналдырып, қазақ ұлттық киімдерінің терең сұлулығын паш етеді.

Фото: Айгүл Төлегенова

- Әр суретті адамдардың бойында қазақ мәдениетіне қатысты жарқын естеліктер қалса деген тілекпен түсіремін. «Киіз үй» деген жоба бастап, соңғы төрт жылда қаншама жанды ұлттық салт-дәстүрімізге жақындата түскен фотосуреттерді дүниеге әкелдім. Клиенттерімнің арасында өзге ұлттың адамдары баршылық. Олар бұл арқылы біздің ұлттық киіміміздің эстетикалық ерекшелігін тереңірек түсініп, елімізге деген сүйіспеншілігін білдіріп жатады. Әшекейлерді көбірек қолданамын. Сонау АҚШ-тан, Еуропа елдерінен келіп, арнайы түсіп кеткендер қаншама, - дейді Айгүл Төлегенова.

Фото: Айгүл Төлегенова

Автор этностильі жаңаша пайымдап, қазақтың ұлттық киімін тек музей экспонаты ретінде емес, бүгінгі күннің сәніне сай, жанды, өзекті мәдениет ретінде көрсетеді. Бұл қазіргі жастарды өз тамырынан ажырамауға, ұлттық жәдігерлерді мақтан тұтуға шақыратын ерекше үндеу. Халқымыздың қоңыр тіршілігіне жақын түстердің қанықтылығы мен бейнелердің шынайылығы қазақы болмыстың тылсым әлеміне жетелейді.

Фото: Айгүл Төлегенова

Айта өтейік, Айгүлдің фотосуреттері елімізбен қатар, Ресейде, Франциядағы көрмелерде ұсынылған.

Фото: Айгүл Төлегенова

Бұған дейін Жылқы жылының маңызы қандай екенін жазғанбыз. 

Фото: Айгүл Төлегенова
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью