Сумода қазақ күресінің жамбас әдісін жиі қолданамын Ерсін Балтағұл

16.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысты.

Шара барысында жас балуандар қадірменді қонаққа төл күресіміздің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің үндестігін паш етті. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.

– Кәсіпқой спорттағы табысымның кілті – еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебінен қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал келтіретін болсам, сумо белдесулерінде қазақ күресінің «Жамбас» әдісін жиі қолданамын, – деді спортшы.

Шара соңында Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады.

Кездесу жас спортшылар үшін үлкен мотивацияға айналып, ұлттық рух пен халықаралық тәжірибенің тоғысқан тағылымды сәті болды.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсін Балтағұл Jibek Joly телеарнасының «Bugin LIVE» бағдарламасында спорттағы жолы, Жапониядағы өмірі және ел намысын қорғаудағы жауапкершілігі туралы айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью