Суперкомпьютер құжат тексеруге көмектесе бастады

06.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Қазақстанда ұлттық суперкомпьютердің негізінде жасанды интеллект мемлекеттік сараптамаға түскен құжаттарды тексереді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде жасанды интеллект жобалық құжаттаманың толықтығын тексере алады. Осы уақытқа дейін 864 жобаның құжаты тексерістен өтті. Бір жобаның құжаттарын тексеруге орта есеппен 6 минут қажет.

"Жалпы құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Тексеру ұлттық суперкомпьютердің есептеу қуаты арқылы жүргізіледі.

Жыл соңына дейін тағы 3 жасанды интеллект модулі әзірленеді.

Олар құжаттарды, сызбаларды, инженерлік желілер мен сметаларды автоматты тексеруге мүмкіндік береді", - деді Нағаспаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Осылайша, мемлекеттік сараптаманың барлық негізгі процесіне жасанды интеллект енгізіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью