Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

24.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдегі үздік 600 супер­компьютердің бірі орналасқан. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академия­сының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев осы суперкомпьютердің жоғары технологиялық әлеуетін пайдаланып, ең күрделі математикалық есептерді шығара бастады.

Белгілі математик бірнеше апта, айлар бойы шығарылатын аса күрделі алгебралық есептерді суперкомпьютер көмегімен қысқа уақытта шешуге болатынын жеткізді. «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасының авторы бұған дейін «Төртқараның» 8-дәрежесіне дейінгі сырын ашып, дәлелдесе, ендігі кезекте суперкомпьютер көмегімен 9-дережесін шешуге кіріскен. Оның айтуынша, алып құрылғы оны есептеп шықса, үлкен жаңалық болғалы тұр. Осы орайда академикке суперкомпьютерге арнайы бағдарлама жазуда Назарбаев университетінде оқитын ұлы Сағынның көмегі көп тиіп жатыр.

«Президент елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы цифрландыруда маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ осы бағыттағы технологияларды дамытуға зор мән беріп отыр. Суперкомпьютерді тиімді пайдалану үшін алгоритмді дұрыс құра білу қажет. Әлемдегі ең көне математикалық зерттеу орталығы саналатын Миттаг-Лефлер институтында жұмыс істеген жылы компьютерге есептеу бағдарламаларын берсек, оның нәтижесін келесі күні алатын едік. Себебі күрделі есептерді шешу үшін қуатты компьютер қажет. Осы институтта бір жыл отырып есептің бір бөлігін ғана есептеген болсам, өз компьютерімде бір аптада есептеймін. Ал суперкомпьютер 3 сағатта шығарып бере алады. Бұл орасан зор күш. Әзірге есеп шығарудың алғашқы сатысын бастадық. Егер суперкомпьютерлер әлеуетін тиімді пайдаланып, төл тілімізді ғылым мен технологияға бейімдейміз десек, нақтылық, дәлдікке басты мән беруге тиспіз», дейді академик.

Қазіргі кезде «Farabi Supercomputer» орталы­ғының мамандары арнайы серверлермен жұмыс істеп, академикке қолдау көрсетіп жатыр. «Farabi Supercomputer Center» орталығының директоры Әмірхан Темірбаевтың айтуынша, ҚазҰУ супер­компью­тері академиялық бағытта іске қосылған алғаш­қы жоғары өнімді есептеу кешені және мұндай деңгей­дегі жүйе Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу құрылғы. Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан қазақ тіліне арналған үлкен тілдік моделін (LLM) әзірлеуде осы суперкомпьютердің қуаты мен мүмкіншілігі пайдаланылған болса, Алматы қаласының «Smart City» жобасының бейнемониторинг жүйесі мен ситуациялық орталы­ғының деректерін жинаудағы әлеуеті жоғары. Суперкомпьютер еліміз ғалымдарына ауқымды деректермен жұмыс істеуге, күрделі есептер мен үрдістерді оңтайландырып, мамандар зерттеулерін жеделдете отырып, мемлекеттік органдар жұмысын модельдеуге көмектеседі.

Суперкомпьютердің өнімділігі – 2000 терафлопс. Архитектурасы «Intel» және «NVIDIA» компаниялары процессорларынан құралған. Қуаты заманауи дербес компьютерден 10 мың есе артық. Жады – 6 петабайт. Бұл жүйе күрделі математикалық модельдер мен көпөлшемді есептеулерді жоғары дәлдікпен орындауға, климаттық модельдеу, машиналық оқытудың озық алгоритмдерін әзірлеу, деректерді терең талдауда, «Big Data» және жасанды интеллект салаларында ғылыми және қолданбалы жобаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Акаде­миялық кластер ғалымдардың ғылыми ізденіс­терін нақты технологиялық нәтижеге айналдыру бағытында жұмыс істеп, ғылым мен технологияны тоғыстырып, теорияны нақты нәтижеге айналдыратын тиімді құралға айналып отыр.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью