Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
13 наурызда Баку қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, талантты суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді. Бұл – қазақ бейнелеу өнерінің хас талантының ұзақ жылғы еңбегіне берілген үлкен баға, деп жазады Egemen.kz.
Алпысбайдың басты айырмашылығы – көп ізденеді, көп еңбектенеді. Үнемі білімін жетілдіріп отырады. Толдым демейді, болдым демейді. Алпысбайдың табандылығы мен еңбексүйгіштік қасиеттеріне риза болмау мүмкін емес. Оның осы қасиеттері өз нәтижесін бермей қалған жоқ. Ол бейнелеу өнеріндегі өз жолын, дербес стилін қалыптастырды. Алпысбай картиналарында экспрессивтік бір күш бар. Эмоционалдық алабөтен ырғағы қалыптасқан шебердің картиналары көрерменді тартып тұратын қарым-қабілеті осы күшінде жатыр.
Оның картиналары этнографиялық мазмұн мен ұлттық дәстүрге өте бай. Туындыларында адам жанын, оның психологиялық көңіл күйін әдемі аша біледі. Суретші ұлттық нақыштың контекстінде өзіндік түс ерекшеліктерін тиімді пайдаланатыны да оның шығармашылығын жоғары деңгейге көтеріп тұр.
Кез келген суретші үшін түс пен кеңістікті сезіне білу – өте маңызды. Осы орайда Алпысбай үлкен биікке көтеріле алды. Жарықты да жақсы көре біледі. Талантты суретшінің картиналарында сюжеттің шиеленісуі мен кульминациясы бір линияда ұштасып жататыны да оның шеберлігі өз шыңына жеткенін көрсетеді. Оның картиналары көрушіге ерекше психологиялық әсер етеді. Туындылары көрерменді живописьтің барлық параметрлері бойынша ынтықтырып қоятыны да суретші шығармашылығының тылсым күшке толы екенін білдірсе керек.
Соңғы жаңалықтар
Суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді
Қоғам • Бүгін, 13:32
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде үш тракторшы қызмет етеді
Әскер • Бүгін, 13:12
Қазақстан әлемнің 72-ден астам еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді
Қоғам • Бүгін, 12:50
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты
Теннис • Бүгін, 12:45
Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 12:22
Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Медицина • Бүгін, 11:40
Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті
Қоғам • Бүгін, 11:33
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті
Қоғам • Бүгін, 11:17
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 11:03
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:59
Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
Мереке • Бүгін, 10:28
Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:18