Сусабын ішіндегі тосын сый: Жамбылда түзеу мекемесіне тыйым салынған затты өткізбек болған

18.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аралас қауіпсіздік жөніндегі "№67 мекемесі " тыйым салынған заттарды сотталушыға беру әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

© Photo : Жамбыл облыстық полиция департаментіЖамбылда түзеу мекемесіне тыйым салынған затты өткізбек болған

Жамбылда түзеу мекемесіне тыйым салынған затты өткізбек болған

© Photo : Жамбыл облыстық полиция департаменті

Мекеменің жедел-режимдік бөлімінің қызметкерлері қабылдау пунктінің бақылаушыларымен бірлесіп, азамат жеткізген азық-түлікті тексеру кезінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды анықтады.

"Сусабын бөтелкесінің ішінен белгілі бір иісі бар ақ ұнтақ зат табылды, болжамды салмағы шамамен 1-2 гр. Сонымен қатар, үш SIM картасы тәркіленді. "Сыйлық" мекемеде сотталғанға берілгені анықталдый", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алынған заттар оралған және мөрленген, сот-химиялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью