Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Таразда тыйым салынған жерде шомылған жас жігіттер жауапқа тартылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық соты.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты 2005 және 2007 жылы туған жастарға қатысты ұсақ бұзақылық туралы 2 істі қарады.
"2026 жылдың мамыр айында Тараз қаласының "Жеңіс" саябағында жастар демалыс аймағында болған кезде шомылуға тыйым салатын "Су қорғау аймағы" белгісін елемеген. Олар саябақтың аумағында орналасқан су қоймасына кіріп, шомыла бастаған. Бір құқық бұзушы тіпті киімін шешіп, сусабын қолданып шомылған", - деп жазылған хабарламада.
Екі құқық бұзушы де кінәсін толық мойындады. Бір құқық бұзушы оған айыппұл тағайындауды сұраған. Екіншісі айыппұл төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін, қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келмейтінін айтып, өзіне әкімшілік қамақ түрінде жаза тағайындауды сұраған.
Сот қаулыларымен екі азамат кінәлі деп танылды: олардың біріне 86 мың теңге көлемінде айыппұл, екіншісіне 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.