Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?

26.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көктем – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезеңі. Қыста уақыттың басым бөлігін жабық нысандарда өткізетіндер үшін көктеммен бірге жететін маусымдық жылыну мәселе туындатуы мүмкін. Бұл бала ағзасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Қыс бойы әлсіреген иммунитет бұл уақытта түрлі вирус пен тұмауға бейім келеді. Сондықтан бала денсаулығына бейжай қарамай, иммунитетті күшейту, пайдалы ас, ағзаға тапшы дәруменмен қолдау – аса маңызды. Дәрігер мамандар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және дер кезінде алдын алу шараларын қолға алу арқылы көптеген аурудың алдын алуға болатынын жиі еске салады. Осы орайда отбасылық дәрігер Гаухар Жұматқызынан көктемде балалардың денсаулығын сақтау мен иммунитетін нығайтудың тиімді жолдары туралы сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

– Гаухар Жұматқызы, көктемде күн райы жылығанмен қыстай ауырмаған бала тұмаратып қалатын жағдайлар жиі кездеседі. Суық маусымнан жылы кезеңге өту кезінде баланың иммунитеті неге әлсірейді?

– Бұл расында да солай. Біріншіден, көктемде ауа райы бірде жылып, бірде суытып тұрақсыз болады. Екіншіден кейбір вирустар жылы маусымда «бас көтереді». Сондай-ақ иммунитет төмендегенде, тыныс алу мүшелерінің шырышты қабаты құрғайды. Кейбір балаларда созылмалы аурулардың қозуы иммунитет төмендеуіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жиі ауруға себеп болады

Бұл тұста құнарлы тамақтанбау, сапасыз ұйқы, баланың жеткілікті мөлшерде су ішпеуі де иммунитеттің әлсіреуіне себеп. Ал ата-аналардың антибиотикті дәрігердің тағайындауынсыз, өз бетінше балаларға жиі беруі де ауру тудырады. Сонымен қатар көпшілік елемейтін мына жағдайды да назарға ұсынғым келеді. Баланың үнемі стрессте болуы, себепсіз ұрысу, жазалау, үй ішіндегі ұрыс-керіс те баланың денсаулығына кері әсер етеді. Балам физикалық және менталдық тұрғыда сау болып өссе дейтін үлкендер бұл мәселені де қаперде сақтауы тиіс.

28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды

– Көктемде бала ағзасы неліктен ауруға бейім болатынын білдік. Осы орайда баланың ағзасын жылы маусымға қалай дұрыс дайындау керек екенін айтып беріңізші.

– Бұл – ата-ананың баламен үйлесімде, келісіммен атқаруы тиіс жүйелі жұмысы. Сондықтан ата-ана бала денсаулығын шыңдаудың басты мына тәсілдерін білуі керек.

Ұйқы қанбаса иммунитет қалыпты жұмыс істемейді. Балалар кемінде 9-10 сағат ұйықтауы тиіс. Медицинада ұйқы – ең күшті «иммуномодулятор» деп босқа айтылмайды. Ал дана халқымыз ас – адамның арқауы екенін тап басып айтып кеткен. Сол секілді дұрыс тамақтану салтына да жете мән беру қажет.

Бала рационында ет, балық, жұмыртқа, көкөніс өнімдері міндетті түрде табылуы тиіс. Тек тәтті мен ұн тағамдарына үйір бала әлсіз болып өседі. 

Қазір ата-аналар баласын жылы жерде қымтап ұстауға тырысады. Бұл тұрғыда мен, керісінше баланың ағзасын салқын темпаратурада шынықтыру керек екенін айтамын. Бөлмені желдету, таза ауа, біртіндеп салқынға үйрету баланың шырышты қабатын, иммунитетін күшейтеді. Қимыл-қозғалыс пен белсенділігін де шектемеу маңызды. Күнде далада серуендеу қан айналымын жақсартуға септеседі.

Тұмау асқынып тұр

– Осы орайда ата-аналар баласының иммунитеті төмен екенін қандай белгілер арқылы байқай алады?

– Жалпы адам ағзасындағы иммунодефицит біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік туа пайда болған, иммунитет жүйесінің генетикалық өзгерістеріне байланысты. Екіншілік жүре пайда болады. Бұл, көбіне ВИЧ-инфекциясы мен ауру жұқтыру және қатерлі ісіктен кейін пайда болады. Баланың нақты  иммунитеті әлсіз не қалыпты екенін Jeffrey Modell Foundation критерийі бойынша оңай анықтауға болады.

1 жылда 4 және одан да көп рет баланың құлағы қабынса; 1 жыл ішінде 2 реттен көп ауыр дәрежелі синусит болса; Антибиотик қабылдаса да 2 айдан аса нәтиже байқалмаса; 1 жыл ішінде 2 реттен көп пневмониямен ауырса; Баяу салмақ қосып, даму көрсеткіші төмен болса; Теріде немесе ішкі органдар қабынып, ірің пайда болса; Ауыз қуысына не теріге үнемі инфекция түсіп, жара шықса ; Ауруды венаішілік антибиотикпен қайта емдеудің қажеттілігі жиі туса; 2 реттен көп барлық денеге жайылмалы инфекция тараса; Отбасы мүшелерінде де иммунодефицит болса.

Мамандар бұл критерийлер бойынша иммунитет әлсіздігіне күмән тудырғандардың ішінде 64%-да иммунодефицит нақтыланғанын айтады. Десе де, жалғыз аталған тестке сүйеніп диагноз қоюға болмайды. Егер жоғарыдағы себептердің 10-нан 2-не «иә» деп жауап берсеңіз иммунолог кеңесін алу керек.

– Осы кезеңде тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін қандай негізгі ережелерді сақтау керек? Бұл тұста дұрыс тамақтану мен ағзаны дәруменмен қолдаудың маңызы қандай?

– Асылында, аурудың алдын алу қарапайым қағидаларды сақтаудан басталады. Соны ішінде балалардың қолын үнемі, тиянақты жуып жүруі маңызды. Сондай-ақ бөлме ішін ылғалдандырып отыруға да үлкендер көңіл бөлуі тиіс. Бөлме ылғалдығын 40-60% аралығында ұстауға кеңес беріледі. Себебі бөлме іші құрғақ болған сайын вирустың таралу жылдамдығы артады. Әрине, ас адамның негізгі – қуат көзі. Сондықтан баланың күнделікті рационында көктемде күніне кем дегенде 5 түрлі көкөніс пен жеміс қосыңыз. Ас мәзірінде пайдалы майлар: балық, зығыр, зәйтүн майы, грек жаңғағы болуын да қадағалаңыз. Су мөлшерін де назарда ұстау қажет. Газдалған сусындар, дүкен шырындары мен шай судың орнын баса алмайды. Балалар суды қалауынша ішу керек. Кішкентайлар су ішуді ұмытып кетуі мүмкін, сондықтан үлкендер қадағалап, жиі есіне түсіргені абзал. Ал дәрумендерді қабылдау бала жасы мен талдау нәтижелеріне сай дәрігер тағайындауымен қабылдаған дұрыс. Себебі артық доза организмде токсикалық әсер тудырады. Бастысы, ата-ана бала ағзасындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, қажет болғанда дәрігер көмегіне уақытылы жүгінуі тиіс.

– Кеңесіңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар

Жағдайы ауыр екі науқас Түркиядан елге аман-есен жеткізілді

Қоғам • Бүгін, 16:19

28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды

Медицина • Бүгін, 16:03

Қазақстан QS 2026 пәндік рейтингіндегі позициясын нығайтты

Білім • Бүгін, 15:57

Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды

Оқиға • Бүгін, 15:42

164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды

Қоғам • Бүгін, 15:31

Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

Қазақстан • Бүгін, 15:22

Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді

Аймақтар • Бүгін, 15:02

Батыс Қазақстанда Ұлттық спорт лигасы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 14:43

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрімен не туралы сөйлесті?

Президент • Бүгін, 14:29

Қазақстанда жаңа шетелдік банк пайда болады

Банк • Бүгін, 14:12

Жұмыссыз жүрген жастар қалай жұмысқа орналаса алады?

Қоғам • Бүгін, 14:03

Алматыда жолдан өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 13:42

Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді

Футбол • Бүгін, 13:20

Президент: Мемлекет паралимпиада қозғалысын қолдауға айрықша мән береді

Президент • Бүгін, 12:55

30 градус ыстық: Алдағы үш күнде елімізде күн күрт жылынады

Ауа райы • Бүгін, 12:43

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью