24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл Swat Challenge жарысына Қазақстаннан бес команда қатысады. Онда Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар», Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» қызметі және Ішкі істер министрлігінің «Бүркіт», «Сұңқар» жасақтары ел атынан сынға түседі.
Сондай-ақ әйелдерден жалғыз «Томирис» құрамасы өнер көрсетеді. Жарыс 7-11 ақпан аралығында Дубайда өтеді. Айта кетейік, былтыр «Сұңқар» жасағы жалпы командалық есепте 470 ұпай жинап, екінші орын алған еді.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хатшысы:
- Биылғы жылдың ерекшелігі құқық қорғау органдарының атынан бөлек-бөлек команда емес, Қазақстан атынан нақты іріктелген құрамалар қатысады. Ол ерлер құрамасы және әйелдер құрамасы. Биыл қатысатын командалардың саны өте көп. 12 әйелдер құрамасы қатысады деп күтіледі. Біз өз қызметкерлерімізге сәтті өнер көрсетуді тілейміз.