Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Құқық қорғау және арнайы орган басшыларының қатысуымен өткен жиын барысында бірқатар өзекті мәселе қаралды. Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің түрлі аспектілері, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматын қоса алғанда, халықаралық, сондай-ақ өңірлік құрылымдар шеңберіндегі үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмасты. Трансшекаралық қылмыспен күрес, халықаралық лаңкестік және экстремизмге, сепаратизмге қарсы іс-қимыл салаларында бірлесе күш жұмылдыру қажеттігі айтылды.
Ғизат Нұрдәулетов пен Чэнь Вэньцин қазіргі қыр көрсетулер мен қатерлерге қарсы тұру, сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қауіпсіздік саласындағы диалогті жүйелі негізде дамыту, соның ішінде екі елдің күштік құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызы туралы пікірлесті.