Сын жанрын саралаған

05.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алқалы жиынға ға­лым­дар мен зия­­­лы қа­уым, қоғам қай­рат­­кер­­лері мен журналис­тер қа­тыс­ты. Кеш барысында ғалым­­ның «Өмір дүние дегенің» атты жаңа кітабы таныстырылды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана қо­рынан әдебиеттанушының ғылыми ең­бек­тері, әдеби-сын мақалалары мен зерттеулерінен кітап көрмесі қойылды.

Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайберген Дандай Ысқақұлының кітапханамен ­бай­­ланысына ерекше тоқ­тал­ды. Оның айтуынша, ғалым кітапха­наның тұрақты оқырманының бірі ретін­де ғылым мен білім жо­лындағы ізденістерін осы қара­шаңырақпен сабақтастырып ке­леді. Ғазиза Құдайбергенқызы Дандай Ысқақұлының ғылыми еңбектері мен рухани мұрасы кітапхана қорын байытып қана қоймай, жас зерттеушілер мен оқырманға құнды таным көзіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ғалымның кітапхана өмірі­не белсенді араласып, әдеби-ғылыми ортаның дамуына үлес қосып жүргенін айтты.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов Дандай Ысқақұлының қазақ әдеби сынының тарихы мен тео­риясын зерттеудегі еңбегіне тоқталды. Ол ғалымның әдеби сынды дербес ғылыми бағыт ретінде жүйелеуге үлес қосқанын, қазақ әдебиеті­нің тарихы мен теориясына арнал­ған іргелі зерттеулердің авторы еке­нін атап өтті. Сондай-ақ Дандай Ысқақ­ұлының энциклопедия­лық басылымдарды әзірлеуге қа­тысып, әдебиеттанушы ға­лым­дардың бірнеше буынын тәр­биелеуге еңбек сіңіргенін баса
айтты.

Ал филология ғылымдары­ның докторы Нұрдәулет Ақыш ғалым­ның қазақ әдебиеттанудағы елеулі орнына тоқталды.

«Дандай Ысқақұлы әдебиеттану ғылымына өткен ғасырдың 70-жылдары келіп, қазақ әдеби сынының теориясы мен тари­хын жүйелі зерттеген ғалымдар­­дың алдыңғы қатарына көтерілді. Оның «Әдеби көркем сын», «Сын шын болсын», «Сын жанрлары», «Сын өнері», «Қазақ әдеби сынының тарихы», «Әдеби сынның тарихы» сияқты іргелі еңбектері ұлттық әдеби сын ғылы­мының қалыптасуы мен дамуын ғылыми тұрғыдан зерделеуге арналды. Ғалымның зерттеу­лері қазақ әдебиеттануының маңыз­ды қорына айналды», деді ол.

Сондай-ақ ақын, филоло­гия ғылымдарының докторы Бауыр­жан Жақып Дандай Ысқақ­ұлының ғалымдық және аза­мат­тық болмысы туралы сөз қозғады. Ол мерейтой иесінің қазақ әдебиеттануы мен әдеби сынының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, әдебиет пен ғылымды қатар алып жүрген тұлғаның еңбегі кейінгі буын зерттеушілер үшін маңызды рухани, ғылыми мұра екенін тілге тиек етті.

Кеш барысында сөз алған қоғам қайраткері Асылы Осман ға­лым­ның ұлт руханиятына сіңір­ген еңбегі туралы баяндады. Ол Д.Ысқақұлының қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолындағы қызметіне жоғары баға берді.

Айта кетейік, жаңа жинақ – Дандай Ысқақұлының адам өмірінің мәні, бақыт, адамгер­ші­лік, ар-ождан, адалдық, иман­дылық және рухани кемелдену мәселелеріне арналған фи­лософиялық-танымдық ең­бе­гі. Автор ғасырлар бойы адам­зат жинаған рухани мұ­раны, ғылым жетістігін және ұлттық дүниетанымды сабақтастыра отырып, өмірдің табиғи заңды­лық­тарын, адамның қоғамдағы орнын, мақсат пен мұраттың ма­ңызын пайымдайды. Кітапта ата-анаға құрмет, отбасы тәрбиесі, азаматтық жауапкершілік, еңбек­қорлық, намыс пен парасат сияқ­ты құндылықтар кеңінен сөз болады. Адам баласының бақытқа жету жолы материалдық игіліктен бұрын рухани тазалықпен, адал еңбекпен, ізгі ниетпен, өз өмі­рінің мәнін табумен өлше­неді дейді. Автор жас ұр­пақты үлкен мақсат қоюға, білім мен ғылымға ұмтылуға, ата-ананың қа­дірін білуге, ұлттық және жал­пы­адам­заттық құнды­лық­тар­ды бағалауға үндейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью