Сыншының елеулі еңбегі

27.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астанадағы Ұлттық акаде­мия­лық кітапханада әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлының «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» кітаптарының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар жиында қаламгердің Ромен Ролланнан аударған «Толстойдың өмірі» кітабы да оқырмандарға таныстырылды.

Басқосуды мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған көрнекті жазушы Төлен Әбдік Амангелді Кеңшілікұлының қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармашылық ізденісіне тоқталса, қырғыз жазушысы, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев онлайн жүйесі арқылы авторды жаңа еңбектерінің жарық көруімен құттықтады.

«Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед үш кітаптың да «Атамұра» баспасынан жарық көргенін алға тартып, кітаптардан автордың сөз өнеріне деген талғамы мен таным тереңдігі байқалатынын атап өтті. Ал Ұлттық академиялық кітапхана директоры Күміс Сейітова Амангелді Кеңші­лікұлының қазақ және әлем әдебиетін кең аудиторияға насихаттау мақсатында 2022 жылдан бері кітапхананың «YouTube» арнасы арқылы «Ашық әдеби лек­ция» жобасын жүргізіп келе жатқанын еске салды.

Жиынға қатысушылар қаламгердің «Сөз патшасы» кітабындағы әдеби-сын мақалалар мен «Жүрек сөзі» кітабына енген эсселер һәм әдеби зерттеулерге жан-жақты талдау жасады. Жиында Амангелді Кеңшілікұлының кәсіби сыншылық болмысы, әдеби үдерісті зерделеудегі терең пайымы да сөз болды. Сондай-ақ басқосуда әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Ромен Ролланның «Толстойдың өмірі» кітабының қазақ тіліндегі аудармасы да талқыға салынып, танымды кеңейтетін тамаша тәржіма деген баға берілді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

Серік Тұрғынбекұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Кез келген қазақтың негізінде ақындық бар

Сұхбат • Бүгін, 08:15

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды

Қоғам • Бүгін, 00:28

Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті

Қаржы • Бүгін, 00:13

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды

Аймақтар • Бүгін, 00:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью