Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласының полициясы кішкентай қызды ауладан алдап шығарған әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тараған болатын. Онда белгісіз әйелдің кішкентай қызды ертіп кеткенін анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ол баланың сақина және басқа да заттар беремін деп алдаған. Ал ауладан алып шыққаннан кейін сырғаның бар-жоғын сұраған.
Бейтаныс әйелдің соңынан ерген қыз ебін тауып, жақын жердегі дүкенге қашып кірген. Ал полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Жедел іздестіру шаралары барысында әйелдің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, болған жағдайдың себептері мен мән-жайлары анықталуда", - дейді полицейлер.
Тексеріс нәтижесінде қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады.