Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды. Таяу Шығыстағы деэскалацияның маңыздылығы және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігі аталып өтті. Қазақстан тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарына сәйкес келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге берік бейілділігін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасына сәйкес Түркістан қаласында келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуды және тиісті халықаралық күш-жігерге жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Айта кетсек, Ирандағы геосаяси жағдай Қазақстанның сыртқы саудасына айтарлықтай әсер етпейді. Ұлттық экономика министрлігіндегілер Kazinform сауалына берген жауапта осындай ұстаным білдірген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью