Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бурятиядағы Ирокинда кенішінде қар көшкіні салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы бар екені анықталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бурятиядағы Ирокинда кенішінде қар көшкіні салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы бар екені анықталды. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомствоның редакция сауалына берген жауабына сүйенсек, 28 сәуірде Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан Қазақстанның 1990 жылы туған азаматы А. Тицкийдің қаза тапқаны туралы ресми ақпарат түскен.
Қайғылы оқиға Бурятия Республикасының Муя ауданында, Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Қолда бар мәліметтер бойынша, қар көшкінінің астында алты адам қалып қойған.
СІМ мәліметінше, Қазақстан елшілігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Ресейдің құзыретті органдарымен тікелей байланыста отыр.
Не болды?"Бұл мәселе министрліктің бақылауында", - деп хабарлады ведомство.
Бурятияның Муя ауданындағы Ирокинда кенішінде қар көшкіні 28 сәуірде болған. Төтенше жағдай кезінде жолды тазалауға тоғыз жұмысшы жұмылдырылған. Үш адам өздігінен шығып үлгерсе, алты адам қар астында қалған.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
Бүгін 08:10 1
Оқиға орнында бірден іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. 29 сәуірге қараған түні ТЖМ-нің аймақтық басқармасы құтқарушылардың барлық алты марқұмның денесін тапқанын хабарлады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 216-бабы 3-бөлігі – "Құрылыс немесе өзге де жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу").
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу