Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстан Иран халқына бейбіт тұрғындар мен ел басшылығы өкілдерінің қаза табуына байланысты қайғыра көңіл айтты. Сонымен қатар халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау және қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз.
Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіреді», деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді.
Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті
«Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды.
Өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тараптарды барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырамыз», дейді Ерлан Жетібаев.
Соңғы жаңалықтар
Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
Білім • Бүгін, 18:15
Сурогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?
Қоғам • Бүгін, 18:10
«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды
Қазақстан • Бүгін, 18:05
Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті
Әлем • Бүгін, 18:01
Мемлекет басшысы Маңғыстауды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне нүкте қойды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 15 жаңа жобаны жүзеге асырады
Үкімет • Бүгін, 17:52
Астана маңындағы ауыл тұрғыны туыстарының денесін бөлшектеп тастаған
Оқиға • Бүгін, 17:42
Қазақстанда инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді
Инфляция • Бүгін, 17:30
Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді
Туризм • Бүгін, 17:28
Айбек Дәдебай: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы
Ата заң • Бүгін, 17:20
Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді
Саясат • Бүгін, 17:11
Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?
Ата заң • Бүгін, 16:53
Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
Саясат • Бүгін, 16:50
Мемлекет басшысы Азия даму банкі президенті Масато Канданы қабылдады
Президент • Бүгін, 16:39
Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Қоғам • Бүгін, 16:39