Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

02.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. 2 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство бейбіт тұрғындардың, Иран басшылығының қаза болуына байланысты көңіл айтты.

"Соңғы қайғылы оқиғалар салдарынан бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың, сондай-ақ Ислам Республикасының жоғары басшылығы өкілдерінің қаза болуына байланысты Иран халқына қайғырып көңіл айтамыз", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Жетібаев Қазақстан достық пен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарын дәйекті түрде дамытып келе жатқан және Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын араб мемлекеттерінің азаматтық нысандарына жасалған соққыларға байланысты өкініш білдіретінін мәлімдеді.

"Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау қарулы қақтығыстар кезінде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты ерекше қорғауды талап етеді. Қазақстан Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі жаһандық бастаманы ұсынушылардың бірі ретінде қарулы қақтығыстар жағдайында адамгершілікті сақтаудың маңыздылығын атап өтеді", - деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.

"Қазақстан халықаралық даулар мен қақтығыстарды халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып, тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігі жөніндегі өзінің қағидатты ұстанымының өзгермейтінін растайды", - деп толықтырды ресми өкіл.

Қазақстан өңірдегі зорлық-зомбылықтың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында барлық тарапты барынша ұстамдылық пен жауапкершілік танытуға шақырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью