Сыртқы істер министрлігі Варшавада жоғалған Қазақстан азаматына қатысты істі бақылауына алды

26.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Facebook-тегі «Варшава жаңалықтары» парақшасында жарияланған ақпаратта 42 жастағы Екатерина Шилованың 18 ақпанда Варшавадан Астанаға сағат 23:00–де ұшатын ұшаққа отырмағаны айтылады.

— Туыстары одан түсініксіз хабарлама алған және оның жазбағанына сенімді. Ол сәрсенбі күні Шопен әуежайынан Қазақстанға ұшуы тиіс еді. Алайда әуежайға келмеген. Жоғалған күні өзімен бірге қаражаты болған, — делінген ақпаратта.

Осыған орай Сыртқы істер министрлігіне мән-жайды анықтау үшін жүгінген едік. Министрлік баспасөз қызметі бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді.

— Варшавадағы Консулдық бөлім жергілікті құзырлы органдарға ресми нота жолдады. Варшаваның Бас полиция басқармасы ақпараттың алынғанын растап, істі іздестіру департаментіне жолдады. Қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында, — деп атап өтті ведомстводан. 

Фото: Варшава Новости / Варшава Лайф/ facebook.com

Айта кетелік полиция Германияда кісі қолынан қаза болған экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жариялаған еді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью