Табиғаттың тәтті сыйы

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ауданның агро­өнер­­­кәсіптік кеше­нін­де өсімдік шаруа­шы­­лығы, оның ішінде бақ ша­руа­­шылығы стратегиялық ма­ңыз­ды бағыт. Тұрақты даму үстін­дегі бұл сала аудан эко­но­микасының экспорттық әле­уетін айқындайтын негізгі фак­торлардың бірі. Бүгінде ауданда 3507 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жұмыс істейді. Оның ішінде бақ ша­руа­шылығымен 542 шаруа қожа­лығы, жүгері өсірумен 936 шаруа қожалығы ай­налысады. Ұйғыр ауданы респуб­ли­ка бойынша өрік өндіруден бі­рінші орында екенін атау орынды. Қазір өрік бақтарының жалпы көле­мі – 3193 гектарды құра­са, 2145 гектары тұрақты жеміс бе­ріп келеді. Ауданда «Шонжы Агро», «Шабдалы» және «Eco Park Garden», «Тиірмен Агро» ЖШС-і ірі өн­дірістік орталықтар ретінде танылған.

Мамандардың пікірінше, биылғы жылдың жоспары бойын­­­ша орташа өнімділікті 95,0 цент­­нерге дейін арттырып, жал­пы өнімді 20378 тоннаға жет­кізу көз­делген. Бүгінде 1098 гектар ал­қап­тан 10431 тонна өнім алынған. Жиналған өнімнің 7823,5 тоннасы 75 пайызы ішкі нарыққа ба­ғыт­талса, 2607,5 тоннасы, яғни 25 пайызы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспортталады. Кейінгі он жылда ауданда 1614 гек­тар жаңа бақ отырғызылған. Оның ішінде өрік, шабдалы, өзге де жеміс түрлері бар. Сұрыптық құрам бойынша бүгінде ауданда «Ни­китинский», «Краснощекий», «Ко­ро­левский», «Уйгурский» және «Шалах» сорттары басым­дық­қа ие. Жаңа тәжі­рибеге сүйе­ніп өткен жылдан бас­тап халық­аралық стандарттарға сай Түркия елінен әкелінген өнімділігі жоғары сорттарды жерсіндіру жұмысы да қарқынды жүргізіліп отыр.

Ават ауылындағы «Ильтиз» шаруа қожалығының жетекшісі Армедин Таиров биылғы жылы қарамағындағы 7 гектар өрік ба­ғынан мол өнім аларына сенімді.

«Тұтынушылар талғамына сай өріктің түрі әдемі, дәмі татымды болуы үшін ерте көктем­нен бастап күтіп-баптаумен айналысамыз. Өрік гүлдегенде үсік­ке ұрынбаса болғаны, ол – төк­кен терді ақтайды. Байырғы түр­лердің қатарын жоғары сапалы «Уйгурский» деген жаңа сортпен толықтырдық. Қытайдан алынған бұл сорт ұзақ сақталып, тасымалдауға шыдас береді. Өрік – табыс көзі ғана емес, оның адам ағзасына, әсіресе, ана мен бала денсаулығына орасан зор пайдасы барын ескерсек, мектептердің ас мәзіріне табиғи өрік шырынын үзбей қосу қажет», – дейді кәсіп иесі.

Ауданның брендіне айналған өрік фестивалі «Өрік бақтары – өңір байлығы, халық берекесі» тақырыбындағы ғылыми конференциямен басталды. Онда Алматы аграрлық зерттеу уни­верситетінің «Жеміс-көкніс ша­руашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының ға­лымдары мен бағбандар, омар­ташылар бас қосып, өрік ша­руашылығын өркендетудің жолдары мен зиянкестерден қор­ғау шараларын, проблемаларын талқылады.

Өріктің өнімділігін арттыруда бал арасының пайдасы ұшан-теңіз. Осы себепті ауданда жалпы саны 30-ға жуық омарташы еңбек етіп отыр. Оның ішінде 12 кәсіби омарташы 2100-ге жуық ара ұясымен табысты жұмыс істеп, жылына шамамен 40 тонна бал өндіреді. Бұл көрсеткіш өңірдегі саланың тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды. Омарташылардың жұмысы тек­ бал алумен шектел­мейді, олар­дың бау-бақша шаруа­шылы­ғы­на қосар үлесі зор. Атап айт­қан­да – өрік бақтарын сапалы тозаңдандыруда таптырмас көмек­ші. Дәл осы табиғи то­заң­дану үдерісі жеміс өнім­ділі­гін арттырып, өріктің сапасын жақ­сартуға тікелей әсер ете­ді. Алдағы уақытта ара ша­руа­шы­лығы мен бау-бақша секторы арасындағы осы тығыз байла­нысты одан әрі күшейту жос­пар­ланған. Бұл – табиғи ресурс­тар­ды тиімді пайдаланудың және ауыл ша­руашылығын жаңа сапалы дең­гейге көтерудің ең озық жолы.

Омарта шаруашылығымен он жылдан аса уақыт тұрақты айналысып келе жатқан аудан тұрғыны Таңатар Әбдікерім араның өрік ағаштарының тозаң­дануына қосар пайдасы ора­сан зор екенін атады. Кәсіп иесі бір шаруа арасы күніге ша­ма­мен он мыңға жуық өрік­ке қонатынын мысал етті. Сон­дықтан өрік өсірушілер мен омар­ташылар тығыз байланыс­та болу қажеттігін құлағдар етті. Араларды көбейтіп, тозаңдан­дыру бағытында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкер Данил Калмаков та жеміс-жидек бақ­тарын тозаңдандыруда бал ара­сының пайдасын айтып, алдағы жоспарларын бөлісті.

Шонжының орталық стадио­нында жалғасқан фестиваль аясында ауылшаруашылық көр­месі ұйымдастырылып, дәмі тіл үйірер өрік шырындары мен тосап түрлері ұсынылды. Қолөнер шеберлерінің бұйымдары да көпшілік назарын аударып, сән-салтанатын арттырды. Дәс­түрлі мерекеде Алматы облысы әкі­мінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жиналған қауымға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді.

«Алматы облысында ауыл ша­руашылығына қолайлы аймақтардың бірі Ұйғыр ауданы екені баршамызға мәлім. Дәнді-дақылдарды өндіруде үнемі алдыңғы қатардан көрінеді. Осы шара арқылы еларалық экономикалық қарым-қатынас артып, өңіріміздегі табиғи өнімдер кеңінен насихатталып, туризм саласы да дамып келеді. Бүгінгі күннің өзінде бірнеше өндіріс орындары өрікті шет мемлекеттерге экспорттауда. Болашақта сау­да нарығы одан әрі дамитынына сенім мол. Өрік сапасын арттыру жолында ғылыми конференция­ның ұйымдастырылуы – болашақ үшін маңызы зор қадам», – де­­лінген өңір басшысының құт­тық­тауында.

Келесі кезекте Ұйғыр ауданы­ның әкімі Бота Елеусізова өңір­дегі өрік шаруашылығын халық­аралық деңгейге көтеру жоспарланып отырғанын айрықша атады.

«Ауданымызда ауыл шаруа­шылығы қарқынды дамып келе­ді. Соның ішінде өрік өңіріміз­дің брендіне айналып отыр. Бүгін­гі фестиваль – ауылшаруашы­лық тауар өндірушілерінің өні­мін өткізуге, оларды өңдеуге, жалпы агротуризм әлеуетін арттыруды мақсат етеді. Өрік ша­руашылығын дамытуда халық­аралық жобаларға иек артып отырмыз. Мәселен, Түркияда өрік өсіріп, одан қалдықсыз өнім ала­тын кәсіпорынмен іскерлік тәжірибе алмасып, бірлескен жобаны жүзеге асыруға алғашқы қадамдар жасалып отыр. Осы жоба аясында жемістің сүйегі мен дәнін терең өңдеп, косметикалық өнімдер, дәрі-дәрмек пен табиғи май өндіру көзделген», – деді аудан әкімі Бота Серікқызы.

Бағбандардың еңбегі елен­ген фестиваль эстрада жұлдыз­дарының қатысуымен өткен кон­церт­тік бағдарламамен қорытын­дыланды.

Алматы облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью