Табиғаттың жаңа қырын ашыңыз: Ақжайық резерватында экскурсиялар басталды

31.03.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Атырауда 2 сәуірден бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында туристік маусым ашылады. 

Бұл туралы "Ақжайық" МТР РММ хабарлады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасының бірегей экожүйесіне экскурсияға шақырады. Ол жерде таза табиғат, қамыстың шуы, жергілікті құстар мен өсімдіктерді тамашалауға болады. 

Ұйымдастырушы мекеме мамандардың айтуынша, экскурсияға келгендер үшін қаланың қарбалысын ұмытып, өңірдің тамаша табиғатымен жақын танысуға мүмкіндік жасалады. 
Сұрақтарыңыз болса, Атырау қаласы, З.Қабдолов көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша хабарласуға бьолады. Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00, телефоны: 8(7122) 45-72-11

Бүгін, 10:26

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью