Табиғи монополия субъектілері 2 жылда 44 млрд теңгені мақсатсыз жұмсаған

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Енді тариф өсіру мәселесі ашық түрде талқыланады. Содан кейін тиісті мемлекеттік органға жолданады. Қолдау тапқан жағдайда ғана өзгерістер енгізіледі. Сондай-ақ тариф өсіру 5 жылда бір рет қана қарастырылмақ.

– Тартылған инвестициялар мөлшері міндетті түрде тексеріледі. Келісімшарттағы міндеттемелер орындалуына аса мән беріледі. Өйткені «инвестиция тартып, қаржыны коммуналдық секторды жаңғыртуға жұмсап жатырмыз» деп айтып, шын мәнінде қаржы басқа жаққа жұмсалған жағдайлар да кездеседі, — деді депутат.

Оның сөзінше, 2023 жылы табиғи монополия субъектілері 30 млрд теңгеден астам ақшаны мақсатсыз жұмсаған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 14 млрд теңге болған.

— Табиғи монополия субъектілерінің қаржылық есебі цифрлық платформада тексеріледі. Егер міндеттемелерін орындамаса, тариф өсіруге рұқсат берілмейді. Ал алған қаржыны басқа жаққа жұмсаса, тұтынушыларға қайтаруға міндеттеледі. Қайтармаса, оларға қолдау көрсетілмейді, жеңілдіктерден айрылады. Бұл мәселе заңда реттелген, — деді депутат.

Сонымен бірге ол ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті аталған жұмыстарды бақылап, есеп алып отыратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына кешенді тексеру жүргізілетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью