Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Ең басты жаңалық – ипотекалық несиелер бойынша екі түрлі шекті мөлшерлеме белгіленеді: 20% және 25%, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар банктер қарыз алушылардың табысын мұқият тексеріп, олардың жалпы қарыз жүктемесін де есепке алатын болады.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен бірлесіп жаңа шекті мөлшерлемелерді келісіп отыр. Олар бастапқы жарна көлеміне байланысты анықталады:
Егер бастапқы жарна 30% және одан жоғары болса – ипотеканың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан аспайды. Егер бастапқы жарна 30%-дан төмен болса – мөлшерлеме 25%-ға дейін көтерілуі мүмкін.Яғни, бастапқы жарна неғұрлым көп болса, ипотека соғұрлым арзан болады.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, шешім банктермен келісілді, алайда техникалық дайындық жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Тиісті бұйрық жобасы мамыр айында жарияланады.
Жаңа талап бойынша банктер тек ресми расталған табысты ғана есепке алады. Бұл дегеніміз:
зейнетақы аударымдары; ресми жалақы; құжатпен расталған кірістер ғана қарастырылады.«Бұл дегеніміз, табысты ресми түрде растаусыз ипотека алу мүмкін болмайды», деп түсіндіріледі.
Қазіргі уақытта банктерде барлық несие бойынша төлемдер табыстың 50%-ынан аспауы керек деген шектеу бар.
2026 жылдың шілдесінен бастап қосымша көрсеткіш енгізіледі – қарыздың табысқа қатынасы (debt-to-income ratio). Ол тек ай сайынғы емес, жалпы қарыз көлемін де ескереді.
Жаңа жүйе аясында банктер ипотека, автонесие және кепілсіз несиелер бойынша бөлек шектеулер белгілей алады. Бірақ бәрі ортақ қарыз жүктемесі коэффициенті шеңберінде есептеледі.
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қарапайым тілмен айтқанда, алдымен адамның жалпы қарыз алу мүмкіндігі шектеледі, содан кейін әр несие түріне жеке лимит бөлінеді.
Жаңа ережелер ипотека алу шарттарын қатаңдатуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам банктердің тәуекелін азайтып, қарыз алушылардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
Футбол • Бүгін, 17:20
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30