Тадеуш Касьянов қайтыс болды XX ғасырдың қарақшылары жұлдызы және каратэ аңызы

06.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

КСРО-да каратэнің дамуына жол ашқан мамандардың бірі, каскадер әрі актер Тадеуш Касьянов 87жасында қайтыс болды. Миллиондаған көрермен оны аты аңызға айналған "XX ғасыр қарақшылары" боевигіндегі боцман рөлі арқылы жақсы таниды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Қаралы хабарды Бүкілресейлік қоян-қолтық ұрыс және дәстүрлі каратэ федерациясының вице-президенті, Халықаралық жекпе-жек өнері одағының вице-президенті Олег Авдыш жеткізді. Оның айтуынша, Касьянов 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні өмірден өткен.

Кеңестік каратэнің бастауында тұрған тұлға

Тадеуш Касьянов КСРО-да шығыс жекпе-жек өнерінің қалыптасуына үлес қосқан мамандардың бірі болды. 1960-жылдардың аяғында ол Алексей Штурминмен бірге елдегі алғашқы ресми каратэ секциясын ашқан.

Ұзақ жылдар бойы бапкерлік етіп, мыңдаған спортшы дайындады. 10-дан иегері атанып, Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды.

Кинодағы ізі

Тадеуш Касьянов өзінің каскадерлік жұмысы мен кинодағы жарқын рөлдері арқылы нағыз аңызға айналды:

"В зоне особого внимания" (1977): Касьянов трюктер мен қоян-қолтық ұрыстардың қоюшысы болды, сонымен қатар, күрделі каскадерлік және ұрыс эпизодтарында актер Михай Волонтирді (прапорщик Волентир) жеке өзі алмастырды. "Пираты XX века" (1979): Касьяновтың өміріндегі басты әрі ең танымал рөлі. Ол қаймықпас боцман Матвеичтің рөлін сомдап, картинадағы барлық қоян-қолтық төбелестерді өзі қойды. Фильм кеңестік прокаттың абсолют көшбасшысына айналып, КСРО-да шығыс жекпе-жегіне деген қызығушылықтың артуына түрткі болды. "Не бойся, я с тобой!" (1981): Лев Дуровтың кейіпкері (Сан Саныч) үшін трюктер мен ұрыс хореографиясын қойып, миллиондаған көрерменді жекпе-жек өнерінің күшіне сендірді.

Бүгін Мәскеуде актермен қоштасу рәсімі өтті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью