Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола медаль алды

27.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз Айдана Құмартаева халықаралық жарыстың қола жүлдесін еншіледі. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үш спортшының қатарына енді. 

Жартылай финалда түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездескен Айдана қарсыласына есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген болатын.

Сондай-ақ таеквондодан Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасында ел қоржынына екі жүлде түсті. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью