Таеквондодан үздік нәтиже көрсеткен спортшылар елге оралды

09.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Таеквондодан әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар елге оралды.

Оларды Алматына әуежайына жиналған жанкүйерлер қошеметтеп, салтанатты түрде күтіп алды. Таеквондошылар Кенияда өткен 21 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында 2 алтын, 1 қола еншілеп, елдің ыстық ықыласына бөленген еді. Сәйкесінше жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.

Бейбарыс Қабылан, әлем чемпионы:

- Жеңістен кейінгі эмоция өте керемет болды. Тұңғыш әлем чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Біздің команда өте жақсы өнер көрсетті. Қазақ халқына қолдауларыңыз үшін көп-көп рақмет айтамын. Бұл әрине әлем чемпионаты болғаннан кейін маңызы өте зор. Спорттық карьерамдағы спорттық шыңдарымның бірі деп айтсам болады. Бірақ біз мұнымен тоқтамай алдағы Азия ойындарына, Азия чемпионаттарына дайындаламыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью