24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Таеквондошы Батырхан Төлеуғали 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.
Кения астанасы Найробиде өткен біріншілікте 87 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда ирандық Мохаммед Ализадені жеңді. Батырхан додада барлығы төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңінде Грекия спортшысын, ширек финалда аустралиялық Стюарт Джобты, ал жартылай финалда жеке бейтарап атлет Владислав Будинді айқын басымдықпен ұтты. Осылайша таеквондодан ұлттық құрама Әлем чемпионатын екі алтын, бір қола жүлдемен аяқтады.