Тағамдарға арналған дәмдеуіш : Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

24.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Республикалық «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері аялдамада тұрған ер адамның сөмкесінен есірткі тапты. Күдікті бұл заттарды «тағамдарға арналған дәмдеуіштер» деген желеумен жасырып, жаппақ болған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: beta.egov.kz

Оны тінту барысында сөмкесінен сұр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар 7 орам марихуана, сары түсті сұйық консистенциялы гашиш майына тән иісі бар 20 пластик құты, сондай-ақ өсімдік тектес қою сұр түсті 10 орам каннабис шайыры табылған.

Күдіктінің елордадағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтіні расталғанымен, тәркіленген заттардың тағам өнімдеріне ешқандай қатысы жоқ екені анықталған.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция есірткінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, азаматтарға тыйым салынған заттарды сақтау және тарату үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салып отыр.

Жыл басында Президент қылмыс­тық заңнаманы ізгі­лендіру арқылы есірткі қыл­мысын ұйым­дастырушылардың жазасын барынша қатаңдатып, ал орындаушылар жауапкер­шілігін жеңілдету ұсынысын ортаға салған. 

Полиция қызметкерлері есірткі тасымалдау, сақтау шараларына қарсы күресті үздіксіз жалғастырып келеді. 

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью