Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Polisia.kz порталының мәліметінше, ер адам өсімдікті ауданның шеткі аймағынан жинап, оны тұрғылықты мекенжайында сақтаған. Ол есірткі затын жеке пайдалану мақсатында ұстағанын жеткізген. Сонымен қатар есірткіні термиялық өңдеуден өткізіп, тағамдарға қоспа ретінде пайдаланған.
Жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарында жүргізілген тінту кезінде полицейлер өсімдік тектес кептірілген зат салынған 4 полиэтилен пакетін тапты. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлытау облысында ірі есірткі жеткізу арнасы жойылғанын жазғанбыз.