Тағы 2 алтын : Қазақстан құрамасы әлемді таңғалдырды

01.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанның әйелдер құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Қазақстандық спортшылар командалық спринтте жеңіске жетті. Отандастарымыз 1:28.77 уақытта мәреге жетті.

Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

Сонымен қатар, Әлемдік додадағы соңғы алтынды ел қоржынына Вадим Чебардаков салды. Шешуші жарыс күнінде қазақстандық спортшы масс-стартта жеңіске жетті. Ол қашықтықты 5:29.87 уақытта бағындырып, 34 спринтерлік ұпай жинады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеті медальмен түйіндеді. Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыста чемпион атанды. Және де ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью