Тағы бір қазақ мектебі ашылды

23.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Павлодарда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманға сай білім ұясы есігін айқара ашты. Мектеп іші алғашқы күннен-ақ оқушыларға лық толып, жас ұрпақтың қажеттілігіне сай білім беруді бастап кетті.

Суретті түсірген – Валерий Бугаев

Облыс орталы­ғын­да №47 орта мектептің ашылуы – шаһар үшін маңызды оқиға, өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамыту жолындағы елеулі қадам. «Келешек мектептері» ұлт­тық жобасын іске асыру аясында осымен облыс орта­лы­ғында екінші заманауи мектеп бой көтеріп отыр. Ұлттық жоба балалардың зерттеушілік дағдылары мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын жаңа буындағы білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталғаны мәлім. Ал жаңа ғимарат екінші жағы­нан шаһарда қазақ тілін­де білім алатын оқушы орын­да­рының тапшылығын айтар­лықтай жойды. Атал­ған білім ұясының құ­ры­лысы 2024 жылдың жел­тоқ­санында басталған еді. Жобаның тапсырыс беру­шісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Құры­лы­сына 3,8 млрд теңге жұм­салды.

Мемлекеттік тілде бі­лім бе­ретін мектеп заманауи оқу кабинеттерімен, мамандандырылған зертханалармен, кең спорт залдарымен, кітапханамен, оқушылардың сабақтан тыс іс-шараларына, демалысына арналған аймақтармен жабдықталған. Жобалау барысында қауіпсіздік, қол­жетімділік және білім беру үдерісін цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінгені байқалады. Оқу кеңістігі инновациялық оқыту әдістемелерін енгізуге, оқушылардың шығар­машылық және зияткер­лік әлеуетін дамытуға бейім­дел­ген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Келешек мектептері» бастамасы аясында өңіріміздегі білім беру саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облысымызда үш ауысымдық оқу мәсе­лесін шешу мақсатында жаңа білім ордалары мен мек­тептерге қосымша ғи­ма­­рат салу жұмыстары жал­ғасып жатыр. Бұған де­йін Достық шағын ауданында 1200 орындық мектеп ашылған еді. Кейінгі үш жылда облыста жаңадан 10 мектеп тұрғызылды, соның нәтижесінде үш мыңға жуық бала сапалы әрі заманауи білім алуда, – дейді өңір басшысы Асайын Байханов.

Әкімнің сөзінше, алда­ғы жылдары облыс орта­лы­ғында үшінші мектеп­тің құры­лысы көзделіп отыр. 1200 оқушыға лайықталған ғимарат Усолка шағын ауданында салынады. Құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталуы керек. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжат­тамасы дайын.

Жаңа білім ұясының директоры Ләйлә Жүсіпова­ның ақпарынша, мектеп 600 орынға шақталып са­лын­ғанымен, қазірдің өзін­­де мұнда 805 оқушы партаға отырып үлгерген. Оқушылардың келуі әлі де жалғасып жатыр. Соған орай бастауыш сынып оқушылары екі ауысыммен оқиды.

– Мектебіміздің ма­териал­дық-техникалық ба­за­сы өте керемет, барлығы жақсы жабдықталған. Пән мұғалімдерімен толық қамтылған, жоғары білікті 74 ұстаз сабақ береді. Камал Мақпалеев атындағы №4 мектеп пен Әлихан Бөкейхан мектебінен 4 сынып келсе, өзгелерінен 12 сыныптай келді, – деп атап өтті білім ұйымының басшысы.

Жалпы, кейінгі жылдары облыста қазақ сыныбын таңдаған оқушылар үлесі тұрақты өсіп келеді. Биылғы оқу жылында өңір бойынша 11 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш аттаса, олардың 52,2 пайызы қазақ сыныбына барған. Егер 2020 жылы бұл көрсеткіш 35,5 пайыз болса, 2023 жылы – 43 па­йыз, 2024 жылы 45 пайыз болған еді. 2025 жылы бірден 7,2 пайызға артқан.

Тағы бір жағымды үрдіс, жаңадан ашылып жатқан қазақ мектептеріне оқушы іздеп табу бұрынғыдай күрделі емес. Мәсе­лен, Павлодардағы «Сары­ар­қа» шағын ауданында 2022 жылы мем­ле­кеттік тілде оқытатын Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейі ашылған еді. Білім ордасы алғаш таза қазақ тілінде болады дегенде шаһардағы орыстілді қауым шу ете түскен. «Оқушы санын толтыра алмайды, мектеп аралас болсын» деп қарсылық танытып, ақпараттық шабуыл жасағандар да болды. Дегенмен жергілікті білім саласының басында отырған азаматтар дұрыс шешім қабылдап, мектеп мемлекеттік тілде ашылды. Бүгінде аталған оқу ұясына балалар сыймай, жаңадан ашылып отырған №47 мек­тепке келіп жатқаны соның дәлелі. Қалай десек те, түбінде мемлекеттік тілді меңгергендер озатыны сөзсіз.

ПАВЛОДАР 

Соңғы жаңалықтар

Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады

Спорт • Кеше

Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді

Қазақстан • Кеше

Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Кеше

Екі облыс аумағындағы автожол жабылды

Қоғам • Кеше

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Елорда • Кеше

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды

Марапат • Кеше

Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды

Аймақтар • Кеше

Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз

Пікір • Кеше

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент • Кеше

Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?

Қоғам • Кеше

Екі ел басшылары Давоста не жөнінде әңгімелесті?

Президент • Кеше

Қостанай қаласындағы балалардың неше пайызы аралас мектептерде білім алып жатыр?

Білім • Кеше

Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді

Оқиға • Кеше

«Каспий» командасының бас бапкері ауысты

Футбол • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью