Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 19 мамыр – Sputnik. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтің бүгінгі отырысында Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстері қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің баяндамасынан кейін премьер-министр көптен бері айтылып жатқан жоспарды еске салды.
"Біз Нью-Йорк, Токио және басқа да бағыттар бойынша жаңа рейс ашамыз деп көптен бері әңгіме қозғап жатырмыз. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Қандай шаралар қабылдап жатырсыздар?", - деді Олжас Бектенов.
Көлік министрінің айтуынша, Токиоға тікелей әуе рейсі биыл төртінші тоқсанда ашылады.
"Ал АҚШ-қа рейсті келесі жылы екінші тоқсанда ашамыз",-деп атап көрсетті Сауранбаев.
Ал премьер-министр: "Тағы құр сөз болып қалмасын",-деп қысқа ғана қайырды.