24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Таиланд премьер-министрі парламентті таратты. Бұл туралы Associated Press басылымы хабарлады.
Өкілдер палатасының кезекті сайлауы қаңтардың соңына жоспарланған. Сол уақытқа дейін үкімет басшысы өкілеттігі шектеулі уақытша кабинетке жетекшілік етеді. Парламентті тарату туралы шешім Камбоджамен шекарадағы қақтығыстың ушығуына байланысты қабылданды. Қақтығыс салдарынан 20 адам қаза тауып, 600 мың тұрғын үйлерін тастап кетті.
Айта кетейік, Таиландтағы билік басына Анутин Чарнвиракул биыл қыркүйекте келген еді. Ол төрт айдың ішінде парламентті таратуға және жаңа конституция шығаруға уәде берген болатын.