Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Тергеу әлі жүріп жатыр. Полицияның алдын ала ақпаратына сәйкес, от үйдің төбесіне орнатылған ауа баптағыштағы қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін. Ал құрбандар санының көп болуына қосымша есіктің дұрыс пайдаланылмауы себеп болған. Тағы бір есік жиһазбен жабық тұрған. Бұл өрт Таиланд астанасында кейінгі 17 жылда болған ең қайғылы оқиға болып тіркелді.
Естеріңізге салайық, түнде Бангкок қаласының солтүстігіндегі танымал «Rong Beer Na Lat Phrao» паб-клубында өрт шыққан.
Алғашқы ақпарат бойынша 27 адамның (9 ер адам және 18 әйел) қаза тапқаны ресми түрде расталды. Тағы 63 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың 22-сі өте ауыр халде жатыр делінген болатын.
Куәгерлер мен музыканттардың айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен түңгі 23:57 шамасында басталған. Алдымен электр қалқанынан (электр щиті) түтін шығып, жарық толықтай өшкен. Содан кейін қатты жарылыс дыбысы естілген. Ғимарат ішіндегі тез тұтанғыш материалдардың кесірінен жалын санаулы секундтарда төбе мен қабырғаларды шарпыған.
Құтқарушылар көптеген мәйіттерді ғимараттың артқы жағындағы әжетханалардан тапты. Адамдар үрей үстінде сонда қашқан, бірақ ол жерде сыртқа шығатын апаттық есіктер (эвакуациялық шығыс) болмай шыққан.
Қазіргі уақытта қала билігі ауқымды тергеу амалдарын бастады. Қаза тапқандардың көбінің жанында құжаттары болмағандықтан, олардың аты-жөнін анықтау жұмыстары қиындап жатыр.