Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан жастар арасында Futures Cup турнирі жалғасуда.
Жартылай финалдық бәсекелердің қорытындысы бойынша сегіз отандасымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Атап айтқанда, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) ақтық сынға жолдама алды.
Әйелдер арасында Камила Оспанова (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) финалға өтті.
Ал, Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Зарина Толыбай (75 келіге дейін), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Финалдық жекпе-жектер 15 наурызда өтеді.