Таиландтан есірткі контрабандасын ұйымдастырған азамат 16 жылға сотталды

21.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Тергеу мен сот анықтағандай, сотталушы халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы гашиш майын елге заңсыз әкелуді ұйымдастырған. Есірткі заттары сәлемдемелердің ішіне жасырылып, ештеңеден күдіктенбеген туыстары мен таныстарының атына рәсімделіп отырған.

Құқық қорғау органдары контрабанданың бірнеше әрекетінің жолын кесіп, 5,7келіден астам каннабис сығындысын тәркіледі. Бұдан бөлек, сотталушыдан өткізуге арналған есірткі заттары мен заңсыз сақталған оқ-дәрі табылды.

Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью