Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Көлік полицейлері Таиландтан есірткі контрабандасын тасымалдау әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Астана және Алматы әуежайларында есірткі контрабандасының 27 дерегін анықтап, жолын кесті.
Заңсыз айналымнан шамамен 180 мың бір реттік дозаға тең келетін 98 келі есірткі тәркіленіп, нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі елге есірткі жеткізудің сыртқы арналарының жолын кесті. Тәркіленген заттардың қара нарықтағы жалпы құны 2,5 млрд теңгеге бағаланады.
ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев айтуынша, бұл көрсеткіштің артында азаматтардың және тұтас ұлттың денсаулығын қорғау жолында күн сайын қажырлы еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының жұмысы тұр.