Тайланд премьері Паттайядағы қатыгез қылмыс үшін көпшілік алдында кешірім сұрады

01.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракун Паттайяда 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Роман Назимовтардың айуандықпен өлтірілуіне байланысты қоғамнан, туристерден және марқұмдардың туыстарынан ашық түрде кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengri Travel The Pattaya News басылымына сілтеме жасап.

Таиланд үкіметінің басшысы тергеу барысын жеке бақылау үшін Чонбури провинциясына арнайы барды. Журналистерге арналған брифингте ол мемлекет атынан қайғыға ортақтасып, кешірім білдірді.

"Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын. Сондай-ақ, туристер мен бүкіл Ресей халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Бұл - қатыгез қылмыс. Бірақ бұдан тұтас Таиланд қауіпсіз емес деп қабылдауға болмайды", - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл қайғылы оқиға бүкіл елдің беделіне нұқсан келтірген.

"Екі адам шошырлық әрекетке барды. Мұндай қатыгездікке қалай жол берілгенін өз көзіммен көру үшін арнайы келдім. Елдің абыройына дақ түсіретін адамдарға ешқандай жеңілдік жасалмауы керек. Олар заң аясында ең қатаң жазаға тартылуға тиіс", - деді Анутхин Чанвиракун.

Бұған дейін Паттайя маңында Ресейдің екі азаматы - 22 жастағы Диана мен оның 17 жастағы інісі Роман жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен еді. Кейін полиция екі ер адамды ұстады. Олар бауырларды өлтіргенін мойындап, мәйіттердің жерленген жерін көрсеткен.

Тергеушілердің алдын ала болжамынша, қылмысқа марқұмдар жалға алған мотоциклді иемдену ниеті себеп болуы мүмкін.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью